Қарағандыда өнімдерге сынақ жүргізу жобасы іске қосылды

22 Қаңтар 2019, 21:27
2822
Бөлісу:
Қарағандыда өнімдерге сынақ жүргізу жобасы іске қосылды

Қарағанды, BAQ.KZ. Қарағандыда «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалының  базасында ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес өнімдерге сынақ жүргізетін жаңа жоба іске қосылды.

«Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 017/2011), «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 007/2011), «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 019/2011) ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес өнімдерге сынақ жүргізетін жаңа жоба іске қосылды.

Техникалық реттеу комитеті, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-мен сынақ орталығын талдау мен жабдықтау туралы және тиісті жабдықтарды пайдалану бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Ашылу салтанатына өңірлік штабтың, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, стандарттау және метрология институттарының мүшелері қатысты.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Қасымов өз сөзінде осы жобаның бірегейлігін атап өтті.

«Бұл жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, балалар киімі, жеке қорғаныш құралдарын өндіретін кәсіпорындарының шығыны мен уақытын қысқартуында көрініс табады. Бұл жоба кәсіпкерлік пен аккредиттеу субъектілері арасындағы ішкі өңірлік ынтымақтастықты  жақсартады», - деп айтты.

Өзгелердің жаңалығы