Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қай орган бейім екені анықталды

16 Сәуір 2019, 16:53
2283
Бөлісу:
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қай орган бейім екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандары жақында қызықты зерттеу жүргізді. Соның нәтижесінде, қай орган сыбайлас жемқорлыққа бір табан жақын екені нақтыланды. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандардың зерттеу жұмысы барысында, "google" ғаламтор браузерінің іздеу жолағына "сыбайлас жемқорлық", "пара" және "Ақтөбе облысы" атауларын енгізген кезде 58% жаңалықтар полиция органдарына бағыттағандығын көрсетті.
  
Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысын да растап отыр.

Мәселен, мониторинг нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысына сәйкес жауапкершілікке тартылған 14 адамның 6-ы, яғни жалпы санының 42%-ы полиция органдарының қызметкерлері болып табылады.

Дәлірек айтқанда, алаяқтық үшін 4 факт болса, парақорлық пен лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғандығы үшін 2 факт тіркелген.

Айта кету керек, бұл үрдіс Ақтөбе облысы бойынша соңғы 3 жылдықта сақталып отыр, онда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған облыстық полиция қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы 57,5%-ды құраса, 2018 жылы 30%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы