Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі пара алған

Жансая ҚАМБАР
30 Маусым 2025, 18:29
500
Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - архив
Фото: Нұркен Алишев - архив

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Агенттіктің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі әшкереленді. Ол өзі тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша тағылып жатқан әрекет квалификациясының ауырлығын жеңілдету үшін процеске қатысушыдан пара алды, - деді ресми өкіл брифингте.

Қазіргі уақытта соттың санкциясымен тергеуші қамауға алынды, пара беруші де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деді Бигайдаров.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталғаны хабарланды. Сондай-ақ Алматыдағы заңсыз құрылысқа жол берген әкімдік қызметкерлері сотталды. 

Өзгелердің жаңалығы