Агенттіктің бастамасымен биыл еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері, басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ХҚКО-лардың, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ерікті заңгерлер кірді.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Проблемалық мәселелерді талқылау үшін халықпен кездесулер өткізу және оларды жедел шешу;
- Өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндіру.
Бастама іске қосылған сәттен бастап мобильді топтардың 177 іс-сапары ұйымдастырылды.
Сапарда аудан орталықтары мен шалғайдағы ауылдық округтер қамтылды.
Осы жұмыс барысында 9 мыңнан астам азаматқа құқықтық кеңес берілді. Жергілікті жерлерде 2 мыңға жуық өтініш шешілді.
Сұрақтардың көпшілігі:
- Жер және мүліктік құқық;
- Елді мекендерді абаттандыру;
- Қоғамдық көлік;
- Жеңілдетілген несие;
- Жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін қамтыды.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға бару өзекті мәселе болды. Жергілікті жерлерде мобильдік топ мүшелері залалды өтеу, әлеуметтік төлемдер алу, тұрғын үйлерді салу және жөндеу, мүлікті бағалау және салық төлеуді кейінге қалдыру мәселелері бойынша түсініктемелер жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың іс-сапарға шығу кестелері әкімдіктердің сайттарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.