Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.