Ауыл шаруашылығы немқұрайлылық салдарынан зардап шегіп отыр – Ахметжанов

19 Тамыз 2021, 17:34
1365
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы немқұрайлылық салдарынан зардап шегіп отыр – Ахметжанов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов Павлодар облысына барған іссапарында мәлім етті. Ведомство басшысы мен облыс әкімі А. Сқақов Павлодар облысының Ситуациялық-талдау орталығының жұмысымен танысты. Орталық жедел басқару шешімдерін қабылдау және өңір дамуының аса маңызды көрсеткіштерін мониторингілеу, талдау және болжау үшін құрылған. Мұнда төраға мен аймақ басшысына «Е-нәтиже» ақпараттық жүйесінің жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ агенттік төрағасы өңір активімен кеңес өткізді. Өз сөзінде ол агенттік қызметіндегі басты басымдық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту екенін атап өтті.

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы бойынша қызметін бағалау жүйесі – превенцияның тиімді құралдарының бірі. Олардың қатарына, мысалы, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен заңдылығы, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілігінің жай-күйі, мемлекеттік органның ашықтығы мен қоғамдық пікір жатқызылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын ешкім жойған жоқ деп ерекше атап өткім келеді. Бұл зұлымдықпен біз барынша аяусыз күресетін боламыз, – деді М. Ахметжанов.

Ауыл шаруашылығы немқұрайлылық салдарынан зардап шегіп отыр – Ахметжанов


Ведомство басшысы барлық мемлекеттік органда жобалық басқаруды енгізу туралы тағы бір талап барын айтты.

Бұл талап Үкімет Қаулысымен бекітілген. Жобалық басқару жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл. Оны агенттік үйлестіретін болады, – деді ол.

Осы ретте ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші болып табылмайтын кәсіпорындарға субсидия төлеу фактілері анықталды. Мысалы, Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысы жоқ 279 кәсіпкерлік субъектісіне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау саласы бойынша 1 млрд теңгеге жуық субсидиялар берілді. Олар: сұлулық салондары, фармацевтикалық компаниялар, жылжымайтын мүлікті жалға беру, автокөлікті жөндеу және т. б.

Ауыл шаруашылығы немқұрайлылық салдарынан зардап шегіп отыр – Ахметжанов


Сөз соңында М.Ахметжанов мұндай немқұрайлылық жауапсыздықтың және Ауыл шаруашылығы басқармаларының тарапынан бақылау болмауының салдарынан жалпы сала зардап шегіп отырғанын айтты.

Кездесуге қатысушылар өтінім беруден бастап субсидия берілгенге дейінгі аралықта ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Сонымен қатар субсидия беру мәселелерінде сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнесті жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар ұсынды.

Төрағаның сапары Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне барумен аяқталды. Онда ол есепті кезеңдегі қызмет нәтижелерімен танысып, жеке құрамның алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Өзгелердің жаңалығы