Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.Оқи отырыңыз: