Төтенше жағдай. Сыбайлас жемқорлықпен күрес онлайн жүрзізіледі

2 Сәуір 2020, 23:06
2192
Бөлісу:
Төтенше жағдай. Сыбайлас жемқорлықпен күрес онлайн жүрзізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарын мемлекеттік аппараттың атқарған жұмыстары туралы уақтылы ақпараттандыру мақсатында ANTIKOR ORTALYGY алаңында онлайн брифингтер өтеді.

Оған Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысады.

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр Сұлтан қаласы бойынша департаментінің ANTIKOR ORTALYGY сервистік орталығында "Астана – адалдық алаңы" жоба кеңсесінің жетекшісі Мирас Шекенов пен "Жанұя" орталығының директоры, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Тәңірбергенованың қатысуымен төтенше жағдай кезінде азаматтарға әлеуметтік төлемдер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Тәңірбергенова атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Өздеріңізге белгілі, Нұр Сұлтан қаласында 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төлеу басталды.

Барлық өтініштер "Электрондық өтініш" қызметі арқылы және "Электрондық үкімет" веб-порталында (растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасымен бірге) қабылданады немесе 55-14-87, 55-01-74, 59, 55-67-1255-69-59 телефондары бойынша кеңес алуға болады.

Айгерім Тәңірбергенова Nur Otan партиясымен бірлесіп "Birgemiz" акциясы аясында аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған қарт адамдарға көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады. 

Осы және басқа да өзекті мәселелер онлайн-брифинг барысында қарастырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне негіз болатын тәуекелдерге жедел ден қоюға бағытталғанын атап өткіміз келеді.

Өзгелердің жаңалығы