«Сыбаға» бойынша несиелеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр

6 Ақпан 2019, 15:35
5609
Бөлісу:
«Сыбаға» бойынша несиелеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Астана, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелеу өтініштерін қабылдауды жалғастыруда. Қаңтар айында қор жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 1,2 мың бас ірі қара мен 3,2 мың бас ұсақ мал сатып алуға 42 несие берді.

Өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығының сапалық сипаттамаларын өсіру және жетілдіру, қазақстандық ет экспортын ұлғайтуды көздейтін Мал шаруашылығын дамыту бойынша салалық бағдарламасын әзірледі. Қаржы операторларының бірі - «Сыбаға» бағдарламасын іске асыратын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелер асыл тұқымды ірі қара мал басы мен ұсақ мал басын және негізгі құралдарды сатып алуға мен айналымдық қаражатты толықтыруға беріледі. Яғни, малмен қатар, фермерлер машина-трактор паркін жаңартып, қажетті жабдықтарды, мал азығын сатып алуға мүмкіндік алады.

Осылайша, Мемлекет басшысының мал шаруашылығын жандандыру, еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық көлемін бес жыл ішінде 2,5 есеге арттыру міндеті орындалуда.

"Өткен жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 15,6 млрд теңге көлемінде 679 өтінімді қаржыландырды, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментінің директоры Геррард Бааль. - Бөлінген қаражат 23,8 мың бас асыл тұқымды ірі қара мен 75,4 мың бас ұсақ мал сатып алуға жұмсалды. Бүгінгі күні қазақстандық шаруашылықтарға шет елдерден 9,3 мың бас ірі қара жеткізілді".

«Сыбаға» бойынша несиелеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Арғымақ» шаруа қожалығы РФ Тамбов облысында 60 симментал тұқымды сиыр сатып алды. Бұған дейін шаруашылықта 100 жылқы және еділбай тұқымының 700-ге жуық қойы болған. Бірақ шаруашылық басшылары тиімді мал шаруашылығын кеңейтуге назар аударды. Жазға қарай алғашқы төл күтілуде.

«Сыбаға» бойынша несиелеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Ақмола облысындағы «Ел-Хан» шаруа қожалығы Буланды ауданына 100 ангус сиырын әкелді. Олардың 60-ы, сондай-ақ жаңа «Беларус» маркалы тракторды сатып алу Қор арқылы қаржыландырылды. Айта кету керек, бұл мал «Терра» ЖШС-нен сатып алынған. Аталған мал бордақылау алаңы АҚШ-тан американдық ангустарды әкеліп, олардан сапалы жас төл алды. Және қазір асыл тұқымды малды жергілікті шаруашылықтарға сатуда.

«Сыбаға» бойынша несиелеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр

"Шетелде мал басын сатып алған шаруашылықтар мемлекеттен субсидия алады - әрбір сатып алынған мал басына 225 мың теңгеден, - дейді департамент директоры Г.Бааль. - Сонымен қатар, мемлекет пайыздық мөлшерлемені жылдық 14-тен 4 пайызға дейін төмендетеді. Мемлекет тарапынан қолдаудың тағы бір тетігі – шаруашылықтарға бұқаларды бордақылау алаңына тапсырған кезде тірі салмағының әр килограммына 200 теңгеден субсидия төленеді".

«Сыбаға» бағдарламасының тағы бір маңызды ерекшелігі – кепілдікке несие қаржысына сатып алынатын ірі қара мал алынады (кепілдік сомасының 75%-на дейін).

Бүгінгі таңда Қор «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды жалғастырады. Несиелер 70 млн теңгеге дейін көлемде беріледі, мерзімі - 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4% (субсидиялауды есептегенде), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 4,1%-дан бастап.

Өзгелердің жаңалығы