Светлана Тихановская Беларусь елінен кетті

11 Тамыз 2020, 19:33
1999
Бөлісу:
Светлана Тихановская Беларусь елінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь президенттігіне үміткер болған Светлана Тихановская Беларусьтен кетті. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Қазір ол Литвада. Бұл туралы сол елдің Сыртқы істер министрі өзінің твиттердегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, қазір Тихановскаяға келер ешқандай қауіп жоқ. Алайда, ведомство басшысы бұдан өзге мәлімет бермеді. 

Айта кетейік, Беларусьте өткен президенттік сайлауда Тихановская 10 проценттей дауыс жинады.


Өзгелердің жаңалығы