Светлана Тарасова: Қазақ театрына қызмет етемін

30 Қазан 2023, 13:00
1267
Бөлісу:
Светлана Тарасова: Қазақ театрына қызмет етемін
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Светлана Тарасова - өскеменнің тумасы, бастауыш режиссер, талантты жас буынның өкілі.

"Орта мектептің тоғызыншы сыныбына келген кезде қазақ тіліне қызыға бастадым. Сүйттім де "Абай жолы" романының қазақша түпнұсқасын орысша аудармасына қарап отырып оқи бастадым" деген кезде жас қыздың сонша табандылығына еріксіз бас шайқадық.

Қазір Светлана Түркияда магистратураға түсіп, Анкараға оқып жатыр. "Мақсатым - қазақ сахнасына, экранына тың дүниелер, ерекше тақырыптар әкелу" дейді жас режиссер.

"Шаңырақтағы" әңгімеге арқау болған негізгі тақырып - қазақ театры мен киносындағы қазіргі ахуал, қазақ сахнасындағы актерлар, буындар арасындағы байланыстар сөз болды.

Светлананың сұхбатынан біз қазақ театрына жаңа көзқарасты, ерекше ойды байқадық. Жас таланттың жолы болсын!

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Еске салсақ, жобаның алдыңғы санындағы қонағы - Сенаттағы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских болды.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы