Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Суық душқа түсу адам денсаулығына несімен қауіпті?

Нұрқанат Атажан
4 Шілде 2025, 18:17
2190
Бөлісу:
 Depositphotos
Фото: Depositphotos

Дәрігерлер суық суға жуыну денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Терапевт-дәрігер Татьяна Романенконың айтуынша, суық душ тұмау, бронхит сияқты ауруларға, тіпті инфаркт немесе инсультке әкелуі мүмкін.

Кез келген суық су – бұл ағзаның тоңазуына әкелетін қауіп. Мұрынның бітелуі, бронхит немесе жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының басқа да қабынулары болуы мүмкін, – деп ескертті маман.

Сондай-ақ суық су тамырлардың түйілуін тудырып, денсаулыққа әлдеқайда ауыр зардаптар әкелуі ықтимал.

Тамырлардың түйілуі – бұл қысымның көтерілу қаупі, жүрек-қан тамырлары жүйесіне байланысты күрделі жағдайлар. Соңы инсульт немесе инфарктпен аяқталуы мүмкін, – деді Татьяна Романенко.

Өзгелердің жаңалығы