Әйгілі актер Джеки Чан мен "Оскар" иегерлері Қазақстанға келіп фильм түсіруге ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай Үкімет отырысында мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Қазақстанда әйгілі актер, продюсер Джеки Чан және америкалық продюсерлер қатысатын ірі халықаралық кино жобалар жүзеге асырылады.
Биыл біз Джеки Чан, америкалық "Оскар" иегерлері және режиссер Тимур Бекмамбетовпен бірлескен жобаларды бастадық. Соңғысы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы контент жасауға негізделген, - деді Цай.
Айта кетерлігі, еліміздегі кино саласын реформалау жоспарланып отыр.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов те пайданы ойламай, киноның сапасына мән беру қажеттігін айтқан болатын.