Сүт өнімдерін қай өңір тұрғыны көп тұтынады?

5 Мамыр 2021, 22:48
4947
Бөлісу:
Сүт өнімдерін қай өңір тұрғыны көп тұтынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі болғандай Қазақстанның солтүстігінде сүт өнімдерін көп, ал елдің оңтүстігінде, керісінше, аз тұтынады екен.

Сүт өнімдерін қай өңір тұрғыны көп тұтынады?

Ал енді сүт өнімдерінің өндірісіне келер болсақ, 2021 жылғы қаңтар-наурыз айларында 150 мың тонна өңделген сүт және сұйылтылған қаймақ-кілегей өнімдері шығарылған екен. Бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 8,9%-ға көп.

Сүт өнімдерін қай өңір тұрғыны көп тұтынады?

Еске салсақ, былтыр бұл сектордағы өсім 5,7%-ға жеткен болатын.

Сүт және қаймақ-кілегей өнімдерінің төрттен үш бөлігі 4 өңірде өндіріледі. Атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысы (45,7 мың тонна), Алматы облысы (27,5 мың тонна), Ақмола облысы (21,9 мың тонна) және Қостанай облысы (17 мың тонна).

Бұдан бөлек төрт өңірде сүт өндірісінің бәсеңдегені байқалады. Мәселен Маңғыстау облысында екі есе, Шымкентте 43,2%-ға, Қарағанды облысында 16,2%-ға және Қызылорда облысында 3,7%-ға азайған.

2020 жылы әр қазақстандық орташа есеппен 259,4 литр сүт өнімдерін тұтынған. Ақмола облысында сүт өнімдерін тұтыну көрсеткіші айтарлықтай жоғарылап, әр тұрғын бір жылда шамамен 320,6 литр сүт пайдаланған. Бұл тізімде Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары да бар. Онда әр тұрғын сәйкесінше 299,7 литр және 298,7 литр сүт өнімдерін тұтынған, - делінген хабарламада.

Сүт өнімдерін қай өңір тұрғыны көп тұтынады?

Ал керісінше сүт өнімдерін аз тұтынатын елді мекендердің көшін Шымкент тұрғындары бастап тұр. Бір жылда әр шымкенттік 165,7 литр сүт пайдаланады екен.

Әр баланың сүйіп ішетін сүт өнімдерінің бағасы да өскен. 2021 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша өнім бағасы бір жылда 8,2 көтерілгені анықталды.

Бір жыл бұрын қымбатшылық көрсеткіші 7,7% шамасында болған еді.

Сүт өнімдерін қай өңір тұрғыны көп тұтынады?

Өзгелердің жаңалығы