Сурдлимпиада: таеквондошылар ел қоржынына 2 медаль салды

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында таеквондодан ұлттық құрама спортшылары Аян Абдраш пен Айжамол Абдикатова керуги дисциплинасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Туризм және спорт министрлігі 23 Қараша 2025 2025, 20:45
23 Қараша 2025 2025, 20:45
711
Фото: Туризм және спорт министрлігі

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында таеквондодан ұлттық құрама спортшылары Аян Абдраш пен Айжамол Абдикатова керуги дисциплинасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аян (-58 кг) алғашқы кездесуінде қытайлық Сунг Хингоны 2:0 есебімен, екінші раундта қырғызстандық Дифат Именовты 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалдық бәсекеде ирандық спортшыға 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Аян үшінші орынға таласта түрік спортшысы Екыншы Мухаммед Буракты 2:1 есебімен жеңіп, қола медальді иеленді.

Айжамол Абдикатова (-57 кг) алғашқы жекпе-жекте қырғызстандық Бермет Марсбекованы 2:0 есебімен, ширек финалда қытайлық Джанг Хайанды 2:0 есебімен жеңсе, жыртылай финалда ирандық Золейха Фатимажахрадан 0:2 есебімен есе жіберіп алды. Алайда үшінші орынға таласта Айжамол венесуэлла спортшысы Ортего Селседоны 2:0 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ жарыста Нұрдәулет Жақып (-68 кг) бразилиялық Самуель Оливерді 2:1 есебімен жеңсе, ширек финалда ирандық Вахид Зейналиден 1:2 есебімен ұтылды.

Виктория Протопопова (49 кг) алғашқы жекпе-жекте қырғызстандық Асылхан Турдыкулованы 2:0 есебімен жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Дибар Тожибоеваға 1:2 есебімен есе жіберді. Жұбаныш жекпе-жегінде ливандық Сара Салибаға 0:2 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Сурдлимпиада ойындарындағы таеквондодан жарыстар ертең керуги дисциплтнасындағы ауыр салмақтағы жекпе-жектермен жалғасады.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 18 медаль бар. Оның ішінде 7 алтын, 3 күміс және 8 қола. Алдағы уақытта ұлттық құрама жарыста еркін күрес, таеквондо, бадминтон, үстел теннисі, жүзу және жеңіл атлетика дисциплиналарында сынға түседі. Жарыстар Токио қаласында 26 қарашаға дейін жалғасады.

Наверх