Сурдлимпиада ойындарында Қазақстаннан 40 спортшы сынға түседі

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Италияның Сондрио қаласында Сурдлимпиада ойындарының алауы тұтанды. ХІХ Қысқы сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылып, спортшылар бас алаңмен салтанатты түрде жүріп өтті.</h4>

 14 Желтоқсан 2019 2019, 09:11
14 Желтоқсан 2019 2019, 09:11
7381

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сондрио қаласында Сурдлимпиада ойындарының алауы тұтанды. ХІХ Қысқы сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылып, спортшылар бас алаңмен салтанатты түрде жүріп өтті.

WhatsApp Image 2019-12-13 at 16.11.29.jpeg

"Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін байрақты бәсекеге 34 елден 506 спортшы қатысады. Олардың 377-сі ерлер, 129-әйелдер.

WhatsApp Image 2019-12-13 at 16.11.29 (1).jpeg

Спортшылар спорттың алты түрі: шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг және шахматтан бақ сынайды.

WhatsApp Image 2019-12-13 at 16.11.29 (2).jpeg

Дүбірлі додада Қазақстан атынан 40 спортшы шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру сноуборд, шахмат секілді спорттың төрт түрінен сынға түседі, - делінген хабарламада.


Наверх