Қазақстанның соңғы жаңалықтары

“Сұраныс төмен”: Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы қымбаттады

Нұрқанат Атажан
9 Шілде 2025, 15:12
2110
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша, Қазақстанда бастапқы тұрғын үй бір жылда 9,5%-ға қымбаттады. Екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы 6,7%-ға өсті, ал жалға беру нарығында өсім 9,4%-ды құрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мамыр айында жалға берілетін тұрғын үй нарығында бағаның сәл төмендеуі байқалған еді, бірақ маусымда бұл үрдіс жалғасқан жоқ. Ұлттық статистика бюросының деректерінше, маусымда:

• жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы 0,3%-ға,
• жаңа тұрғын үйлер – 1,1%-ға,
• екінші деңгейлі тұрғын үйлер – 0,9%-ға өсті.

Ең жоғары өсім қайда тіркелді?

Жаңа тұрғын үй:

Ең үлкен баға өсімі Павлодарда тіркелді – айына 6,6%. 12 қалада баға өзгермеді,
ал Астанада керісінше – 0,4%-ға төмендеді.

Екінші деңгейлі тұрғын үй:

Ең көп өсім Алматыда – 3,6%. 9 қалада өзгеріс болмаған. Баға төмендеген қалалар:Жезқазған (–0,1%), Қарағанды (–0,3%), Шымкент (–0,4%), Астана (–0,6%), Павлодар (–0,7%).

Бір жылдық өсім:
Жаңа тұрғын үй:
• Павлодар – +29,7%;
• Шымкент – +16,1%;
• Алматы – +15,3%;
• Астана – +5,9%;

Екінші деңгейлі тұрғын үй:
• Ақтөбе – +18,5%;
• Алматы – +15,3%;
• Шымкент – +6,7%;
• Астана – +0,8%.
Бағасы төмендеген қалалар: Қарағанды (–0,5%) және Өскемен (–2,5%).

Баға бойынша көшбасшылар мен ең арзандар:

Жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы:
• Алматы – 647 728 теңге/м²;
• Астана – 593 764 теңге/м²;
• Қазақстан бойынша орташа – 527 220 теңге/м²;
• Ең арзан: Орал – 286 288 теңге/м².

Екінші деңгейлі тұрғын үй:
• Алматы – 681 923 теңге/м²;
• Астана – 642 702 теңге/м²;
• Орташа баға – 546 730 теңге/м²;
• Ең арзан: Қызылорда – 320 779 теңге/м².

Пәтер жалдау бағасы (м² үшін):
• Ең қымбат: Алматы – 5 275 теңге;
• Астана – 4 966 теңге;
• Орташа республика бойынша – 4 510 теңге;
• Ең арзан: Тараз – 2 265 теңге.

Өзгелердің жаңалығы