Сұр сертификаттарды сатуды жарнамалайтын 76 сайт бұғатталды

31 Желтоқсан 2024, 15:39
349
Бөлісу:
Сұр сертификаттарды сатуды жарнамалайтын 76 сайт бұғатталды
Фото: Ерболат ЛАҚАЙ -архив

2024 жылы аккредитациясыз сұр сертификаттарды сатуды жарнамалайтын 76 сайт бұғатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылы Техникалық ретину және метрология комитетінің аумақтық департаменттері (ТРМК) 8183 бақылау іс-шараларын өткізді, оның барысында 6080 жағдайда (74%) бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 401 млн теңгеден астам сомаға 740 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сондай-ақ бақылау іс-шаралары барысында аккредиттеу субъектілерінің 105 аттестаты, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі 11 мыңнан астам құжат тоқтатылды/кері қайтарылды.

Тексерулер аясында 160 өнім үлгісі сатып алынды, оның ішінде 92% жағдайда бұзушылықтар анықталды. Жедел ден қою үшін 55 шара қолданылды.

Өлшеу құралдарын тексеру нәтижесінде тексеру туралы 3150 сертификаттың күші жойылды, сондай-ақ 13 595 бірліктен астам өлшеу аспаптарын қолдануға тыйым салынды.

Сонымен қатар, елдің әртүрлі аймақтарында сәйкес келмейтін өнімдерді, соның ішінде кабельдерді, цементті, электротехниканы және мотор майларын сату жағдайлары тоқтатылды. Мысалы, Ақтөбеде қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін кабель алынып, өнімді қайтарып алу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.

Сұр сертификаттарды сатуды жарнамалайтын интернет-ресурстарды бұғаттауға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде аккредитациясыз сұр сертификаттарды сатуды заңсыз ұсынатын 76 сайт бұғатталды.

Өзгелердің жаңалығы