Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. TEDxAstana конференциясы елордада осымен бесінші рет өткізілді.
Биылғы шара «Supernova» — «Жап-жаңа жұлдыз» деген тақырыпта болды. Ғаламшар осындай жаңа жұлдыздардың көмегімен жаңарады, дамиды. Мұндай жұлдыздар: жаңа идеялар, көкейтесті жобалар. Оларды жүзеге асыратын батыл адамдар Қазақстанда да аз емес.
Ұйымдастырушылар бірегей идеялар мен жоба авторларын іздеп, олардың жұлдызын жағуға талпынады. Біздің компания да өз саласындағы осындай жаңа идеяларды іске асыруға белсенді үлес қосып келеді. Сонымен қатар біз кез келген озық тәжірибені зерттеп, оны қолданысқа енгізуге дайынбыз. TEDxAstana жобасы бізге осынысымен жақын, - деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.Биыл конференция өз саласында көш бастап жүрген, ешкімге ұқсамайтын 13 спикердің басын қосты. Олар экология мен архитектурадан бастап, білім мен ғарыштық зерттеулерге дейінгі аралықтағы тақырыптарға қатысты ойларымен, идеяларымен бөлісті. Шара барысында екі бірдей спикер технологиялар мен оларды дамыту жайлы сөз қозғады. Соның бірі – Назарбаев Университетінің тұңғыш зағип түлегі, асисстивті технологиялар жөніндегі сарапшы Зият Әбдіқайымов. Ол цифрландыру заманында сандық инклюзияның маңыздылығына тоқталды.
Карантинге байланысты ПТР нәтижесі теріс, Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар 150 қатысушы ғана конференцияны оффлайн режимінде тамашалауға рұқсат алды. Сонымен қатар тағы 660 адам бас серіктестің техникалық қолдауының арқасында конференцияны онлайн режимде көру мүмкіндігіне ие болды.
Компанияның «TV+» жобасы – ғаламтор бар жерде сүйікті телеарналарды тікелей эфирде, телебағдарламаларды, кинофильмдер мен сериалдарды мұрағат арқылы көруге мүмкіндік беретін бірегей интерактивті жоба.
Айта кетейік, TEDx — TED ғаламдық қорының әлемге таратуға лайықты идеяларды іздеуге бағытталған жобасы. TEDx конференциялары TED қорының арнайы лицензиясымен дүниежүзіндегі 3 мыңнан астам қала мен университетте өткізіледі.