Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікменстанда үлкен және маңызды іс-шара өтті. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары өзара ынтымақтастықтың «сағаттарын салыстырды». Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook-тегі парақшасында жазды.
Біздің елдеріміздің әлеуеттерін толыққанды ашу қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, мәдени жақындасуда және ең бастысы экономикалық мүдделердің тоғысуында күш-жігерді біріктіру кезінде ғана мүмкін екендігімен барлығы келіседі. Осы бағыттардың әрқайсысында өңірілік, сыртқы да сауданы, өнеркәсіптік және экономикалық кооперация шеңберінде өсіру негізгі құрал болып табылады. Бұл туралы біздің Президент әріптестеріне айтқан болатын, - деді ол.Министр айтқандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық көршіге Орталық Азияның көлік дәліздеріне біріктірілген бірыңғай тауар өткізу желісін құру үшін бірігу идеясын айтқан.
Жақында мен Орталық Азия елдерінің өңірлеріне барып, Үкіметтегі әріптестеріммен және фермерлермен кездескен болатынмын. Барлық деңгейде көтерме-тарату және агрологистикалық орталықтардан тұратын осындай жүйені құру идеясы талқыланды. Мұндай тартылыс нүктелері қажет. Өндірушілер өз өнімдерін сақтау және өңдеу үшін ыңғайлы инфрақұрылымды, трейдерлер – көлемдерді жинақтау және топтамаларды ірілендіру нүктелерін көреді. Ең бастысы (және бұл мемлекеттік органдардың мүдделері) тауарлар ағынының бірыңғай жүйесі маусымаралық кезеңде өз нарықтарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қажет деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді министр.Сұлтановтың айтуынша, өңірлік сауданы бірлесіп жоспарлау өңірдің экономикалық ынтымақтастығы мен тауар айналымын нығайтуға ғана ықпал етпейді.
Ал көрші елдер бір-біріне қызығушылық танытқан кезде, басқа да бірлескен бастамалар қолға алынады. Мысалы, көлік дәліздерінің (бірлескен) идеялары іске асырылуда. Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша қабылданған екіжақты жол карталары қарқынды түрде іске асырылуда (Қазақстан мен Өзбекстан автоөнеркәсібінің ресейлік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл кезіндегі ынтымақтастығы жақсы мысал болып табылады). Бұл экономикалық өзара іс-қимылдың мүлдем басқа деңгейі, - деді ол.Министр атағандай, ынтымақтастық деңгейін тереңдетуге көмектесуге арналған біздің басқа ұсынысымыз - үшінші елдердің нарығына шығарыла отырып, «Орталық Азияда жасалған» бірыңғай брендімен бірлескен өнімдер шығаратын трансшекаралық сауда орталықтарын бірлесіп құру мен дамыту.
Пайдалы бағыттар мен тауашалар көп. Айтпақшы, біздің халықтық қолөнер бұйымдарын (киім-кешек, тұрмыстық және дастархандық ыдыстар және т.б.) өндірушілеріміздің экспозициялары көрмеде үлкен қызығушылық туғызды. Мысалы, біздің құрақ көрпе Лондонда 500-ден 3000 фунт стерлингке дейін сатылады. Мұндай брендтер сапалы жұмыс орындарын құрып қана қоймайды, сонымен қатар біздің ортақ мәдениетімізді аймақтың сыртында ілгерілете алады, - деді ол.Ол атағандай, жаһандық пандемия мен климаттық өзгерістердің бүгінгі таңдағы болмысында бұл біздің елдерге фармацевтикалық және су-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға негізделген өңірдің медициналық және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірлескен және уақтылы шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Президентіміз айтқандай, жүйелі диалог пен үйлестірілген іс қимыл - бұл тиімді ғана емес, «ортақ проблемаларды шешудің баламасыз механизмі». Сондықтан ортақ жұмысты әркімнің мүддесі үшін үйлестіру Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде көрініс тапты. Осындай серпілістен кейін осы бағыттағы жұмыс барлық елде жандандырылатын болады деп ойлаймын, - деді Бақыт Сұлтанов.