Сұлтанов меморгандарға тұтынушылардан қанша өтініш түсетінін айтты

23 Қараша 2021, 10:20
1388
Бөлісу:
Сұлтанов меморгандарға тұтынушылардан қанша өтініш түсетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.

Тұтынушылардың құқығын қорғау мен ішкі сапалы өнімдермен қамтуды қамтамасыз ету қажет. Жыл сайын тұтынушылардан Сауда және интеграция министрлігіне келіп түсетін өтініштер саны артып келеді. Мысалы, 2019 жылы 6 мыңға жуық өтініш қаралса, 2020 жылы 21 мыңға, биылғы 10 айда өткен жылғы көлемнен асып түсті, - деді Сұлтанов.

Ол атағандай, бұл тұтынушылардың мәдениеті артып келе жатқанын да көрсетеді.

Өткен жылы мемлекеттік органдарға 30 мың өтініш түскен. 2020 жылы 40 мың болса, биыл 26 мың өтініш қаралды. Тұтынушылардың шағымдары жылдан жылға қайталанады. Бұл - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, бөлшек сауда, медициналық, көлік салалары, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы