Сұлтанов: Бұл - отбасылардың тұрақты табысы

25 Желтоқсан 2020, 22:42
1228
Бөлісу:
Сұлтанов: Бұл - отбасылардың тұрақты табысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан КТО-да болды. Нысан "Continental Logistics" (қырқыншы темір жол станциясы ауданында) аумағында орналасқан. Министр логистикалық нысанның жұмыс істеп тұрған алаңдарын аралап, сауда-логистикалық кешеннің қазіргі жұмысымен танысты.

"Continental Logistics" көліктік-логистикалық орталығы – бұл А+ сыныбының санатына жататын және бизнесті бір жерде жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа буын объектісі.  Кешенді дамытудың негізгі мақсаты халықаралық және республикалық жүк ағынына (автомобиль және теміржол) қызмет көрсету, сондай-ақ тауарларды қалалық және өңірлік бөлу үшін қойма және ілеспе қызметтер көрсету болып табылады.

Министрге "Continental Logistics" ЖШС Бас диреКТОры Игорь Перевезвевтің айтуынша, ауданы 46 га жер учаскесінде салынатын қойма үй-жайларының жалпы алаңы шамамен 46500 шаршы метрді құрайды. (құрғақ және климаттық қоймалар). Қойма жайларынан басқа КЛО контейнерлік терминалды, сауда-дистрибьюторлық орталықты, Кедендік бақылау аймақтарын және ілеспе инфрақұрылымды қамтиды. Қойма кешендері жаңа технологиялық және логистикалық жабдықтармен және техникамен жабдықталған: биік ричтрактармен, стеллаждық құрылымдармен, 50-ден астам автоматты доктармен жабдықталған, бұл әртүрлі жүк түрлерінің логистикасын қамтамасыз ету үшін қажетті базаны құруға және тиеу – түсіру аймағының өткізу қабілетін күніне 3500 паллетке дейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, "Continental Logistics" алаңында жоспарланған ұлттық тауар өткізу жүйесі мен бірінші кезеңнің көтерме-тарату орталықтарының тұсаукесері өтті.

"Ұлттық сауда-тарату желісі" ЖШС Басқарма төрағасы Олжас Барлыбаев Министрге болашақ нысандардың орналасу схемасын, олардың жоспарланған қуатын көрсетті.

"Continental Logistic" ЖШС және "Ұлттық сауда-тарату желісі" ЖШС компанияларының консорциумы ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жобаны іске асыруда.

Жобаның мақсаты АТ жүйесімен, операциялық модельмен және стандарттармен интеграцияланған 24 көтерме-тарату орталықтарынан тұратын бірыңғай инфрақұрылымдық желіні құру болып табылады. Жоба үш негізгі типтегі КТО– ны құруды көздейді: КТО-сақтау, КТО-сауда, КТО-тарату. Әрбір нысан әрбір жеке аймақтың – tailor-made қажеттіліктеріне қарай жеке таңдалады.

Қазақстанның құрылып жатқан ұлттық тауар өткізу жүйесі Үлкен Еуразиялық азық - түлік хабының басты инфрақұрылымына айналады, - деді Бақыт Сұлтанов. – Ол азық-түлік тізбегінің шығындарын азайту, бағаларды тұрақтандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту мәселелерін кешенді шешуге ғана емес, сонымен қатар экспорт арналарын құруға мүмкіндік береді. Біз ең бастысы - өндірушілердің өткізу нарықтарына "алаңнан" "сөреге" дейін, ал тұтынушыларға сапалы өніммен еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеміз.

Жалпы, бұл логистикалық тиімділікті арттыруға, азық-түлік тізбегінің жоғалуын төмендетуге, ҚР-да өндірілетін өнім бағасының маусымаралық құбылмалылығын тегістеуге мүмкіндік береді, сауда саласының экономикалық өсуінің инфрақұрылымдық кедергілерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция министрі, сондай-ақ, ведомствоның сауда нарықтарын стационарлық форматқа жаңғырту және электрондық сауданы дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Тек нарықтардағы өзгерістер қазіргі заманғы сауда алаңдарын ағымдағы 263,4 мың шаршы метрден 395,0 мың шаршы метрге дейін өсіруге мүмкіндік береді, тауар айналымының көлемі 246,7-ден 411,1 млрд.теңгеге дейін ұлғаяды, ал салық түсімдері жылына 14,6 млрд. теңгеден 19,1 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды. 

Ең бастысы, жаңғырту жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Біздің есептеуімізше, жұмыс орындарының саны 62-ден 87 мың адамға дейін өседі. Бұл - отбасылардың тұрақты табысы, әлеуметтік аударымдар және кепілдендірілген зейнетақы, - деді Сұлтанов.

Сауда және интеграция министрі, сондай-ақ, елордадағы дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын ірі кәсіпорын - "Astana Ютария ltd "Өндірістік инновациялық компаниясы" ЖШС-да болды.

"Astana Ютария ltd" тоқыма бұйымдарын шетелдік нарықтарға арнайы киім мен бірыңғай киім жеткізе отырып, ірі экспорттаушылардың қатарына кіреді.

Өткен жылы ғана компания өз өнімін Ресей Федерациясына 350 млн теңгеге экспорттады.

Ішкі нарықта «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "QAZAQ AIR" АҚ және басқа да тапсырыс берушілермен келісімшарттар орындалады. Компания жоспарында - "Самұрық-Қазына" қоры деңгейінде арнайы киім және Холдингтің еншілес ұйымдарының қажеттіліктерін жеке қорғау құралдарын сатып алу бойынша "арнайы киім" санаты бойынша сатып алу категориялық стратегиясын әзірлеу және іске асыру шеңберінде алдын ала біліктілік іріктеуге қатысу.

Министр өндірістік цехтарды аралап, компания басшылығымен өндіріс пен экспортты арттыру мүмкіндігін талқылады.

Бақыт Сұлтанов компания өкілдерін Үкіметтің шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол биыл іске қосылған "Экспорттық акселератор" бағдарламасы туралы айтып берді. 

Бағдарлама мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болды. Ол өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін жедел дамытуға, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін диагностикалауға, контрагенттермен экспорттық келісімшарттарға қол қойылғанға дейін оқыту мен сүйемелдеуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Биыл бағдарлама тамақ өнімдерін өндірушілермен жұмыс істейді және қытай нарығына бағытталған. Келесі жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына баса назар аудару мүмкіндігі қарастырылуда, - деді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы