Сұлтан Дүзелбаев Садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.</h4>

 16 Қазан 2021 2021, 16:43
16 Қазан 2021 2021, 16:43
5761

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында мергендер өзара мықтыны анықтады.

Жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының спортшысы Сұлтан Дүзелбаев топ жарды. 

Оның командаласы Ильфат Абдуллин күміске ие болды. 

Ал қола жүлдеге Санжар Мұсаев қол жеткізді.

Наверх