Сүлейменова Экология министрі қызметіне қайта тағайындалды

4 Сәуір 2023, 13:13
1424
Бөлісу:
Сүлейменова Экология министрі қызметіне қайта тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылы наурызда - Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. 

Өзгелердің жаңалығы