Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Олжас Сүлейменов референдумдағы заңнама мен азаматтардың құқықтарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел барысында айтты.
«Жастар-біздің болашағымыз» деп бізді алдаған. Біз болашақ екенбіз деп мәз болып жүретінбіз. Бірақ жастар біздің бүгініміз. Ертең осындай өзгерістерді жүзеге асыратын жастар. Жаңа Қазақстан дегенде мен де күмәнмен қарадым. Жаңаша бір бастама шыққанда біз оған пессимистік көзқараста боламыз. Себебі осыған дейін көп нәтиже көрмегендіктен, адам ойланады, - деді Сүлейменов.
Ол 30 жылдағы Елбасының еңбегі туралы айтты.
Қазір ол сәнді болмаса да айтайын. Елбасы өте ауқымды жұмыс атқарды. Оның еңбегіне уақыт өте келе тарихи баға міндетті түрде беріледі. Қазір билікті, мемлекетті, жетекшілерді сынап айтатындар көп. Бірақ оған өзіміздің де қатысымыз бар екенін ойламаймыз. Бізге 30 жылдың қалай өткені емес, келер 30 жыл қалай өтетіні маңызды. Қазір аға буынды біз сынасақ, ертең жастар бізді сынайды. Сол кезде ұятқа қалмауысыз керек, - деді Сүлейменов.