Сүлейменов: Азаматтардың мемлекеттік қызметке деген үміттері жоғары

22 Ақпан 2022, 11:29
1538
Бөлісу:
Сүлейменов: Азаматтардың мемлекеттік қызметке деген үміттері жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істер агенттігі былтырғы атқарған жұмыстары жөнінде кеңейтілген алқа отырысын өткізуде.

Кеңейтілген отырыста  Тимур Сүлейменов халықтың әл-ауқатын өсіру және реформалардың тиімділігі мемлекет қызметшілерге тікелей байланысты екенін айтты.

Тиімділік және қоғам салаларына жедел ден қою бойынша талаптар арттырылады. Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын жақсарту және кәсібилендіру жұмыстары өте маңызды, - деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген үміттері жоғары.

Агенттіктің міндеті - азаматтардың үмітін ақтау үшін барлық жағдайды жасау. Халық мемлекеттік органдарға жүгінген кезде әр азамат не бизнес өкілі орган тарапынан қамқорлықты сезінуі тиіс. Жайлылық әрі жылдамдық мемлекеттік қызметкер көрсететін принциптеріне айналуы қажет, - деді Тимур Сүлейменов. 

 

Өзгелердің жаңалығы