Әйгілі Дәлелхан Сүгірбаевтың ұлы дүниеден өтті

7 Мамыр 2020, 18:38
8303
Бөлісу:
Әйгілі Дәлелхан Сүгірбаевтың ұлы дүниеден өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі Дәлелхан Сүгірбаевтың ұлы Шыңғысхан Сүгірбаев 83 жасында дүниеден өтті.

WhatsApp Image 2020-05-07 at 18.20.48.jpeg

Ол Қытай елі Алтай аймақтық қазақи дәрігерлік емханасының ірге тасын қалаушыларының бірі. Атақты шипагер, Дүниежүзі қазақтарының III  Құрылтай делегаты болған. Сүкірбай Шыңғыс Дәлелханұлы 83 жасында 2020 жылы 6 мамырда қайтыс болды. 

Марқұм бүгін, яғни 7 мамыр күні Алтай қаласында жер қойнауына тапсырылды.

Шыңғыс ағаның әкесі Дәлелхан генералды білмейтін адам кімде кем.

Дәлелхан Сүгірбайұлы (1906 жыл, Қытай, Алтай аймағы, Сарысүмбе ауданы, Көксу қонысы -1949) - Қытайдың Шыңжаң өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, генерал-майор.

1933 жылғы Қытай қазақтарының көтерілісіне белсене қатысқан. Өлкедегі ел басшыларын жаппай тұтқынға алып жатқан кезде Дәлелхан 1941 жылы Қазақстанға өтіп кетті. Кейін аймаққа қайта оралып (1944), Гоминьдан үкіметіне қарсы Үш аймақ көтерілісі басшыларының бірі болды. 1945 жылы Алтай аймағы Гоминьдан үкіметі ықпалынан азат етілгеннен кейін, Алтай аймағы генерал-губернаторының бірінші орынбасары әрі аймақтың әскери округінің қолбасшысы болып тағайындалды. Іле, Тарбағатай аймақтары да азат етіліп, үш аймақтың негізінде Шығыс Түркістан Республикасы құрылған кезде (1946) Дәлелхан үкімет мүшесі және Шығыс Түркістан ұлттық армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары, кейін (1946) Алтай аймағының генерал-губернаторы болды және денсаулық сақтау министрі қызметін қоса атқарды.

Ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқаны үшін Дәлелханға "Алтын жұлдыз" ордені тапсырылды, "Халық қаһарманы" деген құрметті атақ және генерал-майор әскери шені берілді.

Дәлелхан Шығыс Түркістан Республикасының өзге де басшыларымен бірге белгісіз жағдайда ұшақ апатынан қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы