Суға түсу орындарының саны 700-ге жетеді

29 Мамыр 2024, 12:39
428
Бөлісу:
Суға түсу орындарының саны 700-ге жетеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы республика бойынша су айдындарында барлығы 612 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары анықталды, оның ішінде 167-сі коммуналдық және 329-ы жеке жағажайлар болған.

Суға түсу маусымы басталғанға дейін әкімдіктер қосымша тағы 105 рұқсат етілген суға түсу орындарын құруды жоспарлап отыр.Нәтижесінде 2024 жылы ресми суға түсу орындарының саны шамамен 700 бірлікті құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артық, - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Оның айтуынша, жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жыл сайын суға батқандар саны да азайған.

Статистикаға сүйенер болсақ, 2021 жылы 3%-ға, 2022 жылы 4%-ға, 2023 жылы 4%-ға азайды. Десе де, статистикалық көрсеткіштердің артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 3 жылда су апаты 1000-нан астам адамның өмірін қиды. Оның оның 321-і балалар, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы