Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті

Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Сәуір 2023 2023, 11:05
АВТОР
 rt.com 16 Сәуір 2023 2023, 11:05
16 Сәуір 2023 2023, 11:05
931
Фото: rt.com

Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lenta.ru агенттігі хабарлағандай, дәрігерлердің айтуынша, 596 адам зардап шеккен.

Суданның Орталық комитеті бұған дейін 25 адам қаза тауып, 183 адам жараланғанын хабарлаған.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің ресми өкілі Стефан Дюжаррик Судандағы қақтығыс тараптарымен келіссөздер жүргізген болатын. Ол оларды соғыс қимылдарын тезірек тоқтатып, келіссөз үстеліне оралуға шақырды. БҰҰ Бас хатшысы Судандағы бейбітшілікті орнатуға одан әрі көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Бұған дейін Судандағы тұрақты армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыстардың өрши түскені туралы ақпарат тараған болатын.

Наверх