Суданда тараптар уақытша бейбіт келісімге келді

26 Сәуір 2023, 02:24
916
Бөлісу:
Суданда тараптар уақытша бейбіт келісімге келді
Фото: astanatv.kz

Суданда араздасушы тараптар 72 сағатқа оқ атпауға келісті. Уақытша бітім жасасуға АҚШ пен Сауд Арабиясының өкілдері мұрындық болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Африкадағы бұл елде 15 сәуірден бері жағдай тұрақталмай тұр. Ел әскері мен жедел әрекет ету күштері арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы 10 күн ішінде 460-қа жуық адам қайтыс болған.

Әсіресе ел астанасы Хартумдағы ахуал күрделі. Мұнда мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді. Әуежай жабық тұр. Жарық пен су жиі өшіріледі. Бүкіл ел бойынша интернет жоқ. Өзге мемлекеттер азаматтарын эвакуациялап жатыр. Бірнеше күн бұрын тараптар оқ атпауға келіскен еді. Бірақ ол небәрі бір тәулікке жалғасты.

Өзгелердің жаңалығы