Еуроодақтың Судандағы елшісіне шабуыл жасалды. Ол өз резиденциясында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозеп Боррель туиттердегі парақшасында мәлімдеді. Ол "бұл Вена конвенциясын өрескел бұзу, өйткені дипломаттар мен олар тұратын ғимараттарды қорғау Судан билігінің міндетіне кіреді" деді.
Боррель шабуыл туралы толық ақпарат берген жоқ, тек елшінің жағдайы қазір жақсы екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Судан 3 күннен бері әскер мен "Тез қолдау көрсету күштер" жасағының арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығыстан 180-нен астам адам қаза тапты деп хабарлады. 1800-ден астам кісі жарақат алған. Арасында бейбіт тұрғындар көп.