Суданда 20 млн тұрғынға аштық қаупі төніп тұр

3 Тамыз 2023, 21:31
923
Бөлісу:
Суданда 20 млн тұрғынға аштық қаупі төніп тұр

Суданның 20 милионнан астам тұрғынына азық-түлік жетіспей отыр. Бұл - ел халқының 40 пайызы, деп жазды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

БҰҰ-ның сарапшылары жуырда жариялаған баяндамасында осындай мәлімет келтірді. Ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарынан егін шықпай қалды. Қарулы қақтығыстар жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. 

4 миллиондай адам үйлерін тастап, елдің өзге аймақтарына көшсе, тағы бір миллионы көрші мемлекеттерге қашқан.

Биыл БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы Суданның бір жарым миллион тұрғынын қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін 6 миллион адамға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы