Судағы сақтық шаралары нәтижесін берді

6 Қыркүйек 2022, 17:38
1326
Бөлісу:
Судағы сақтық шаралары нәтижесін берді
Фото: автордан

 Ертіс өңірінде судағы сақтық шаралары бойынша жүргізілген алдын алу жұмыстары нәтижесін берді, деп хабарлайды  Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Биылғы шомылу маусымында сегіз адам көз жұмды. Бұл сәйкес кезеңмен салыстырғанда үш есе аз көрсеткіш.

Құтқарушылардың айтуынша, судағы қайғылы оқиғаларды болдырмау қиынға соады. Себебі, кей азаматтар шомылуғы рұқсат етілмеген немесе кезекшілік атқарылмайтын жерлерде суға түседі.

Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс департаментінің майоры Теміржан Танжановтың айтуынша, қыркүйек айының басында шомылу маусымы аяқталды. Дегенмен, жағажайларда шомылып жүргендер баршылық.

Су айдындарының маңайында тынығып жүргендерге алдымен ескерту жасалады. Екінші рет кездескен жағдайда 2 АЕК көлемінде айыппұл салуға тура келеді. яғни, алты мың теңге көлемінде. Қазіргі уақытта бірлескен жұмыстарға қарамастан, сегіз адам суға батып кетті. Оның біреуі – бала. Өткен жылы 26 көз жұмған еді. Олардың ішінде бес бала болды, - дейді Теміржан Танжанов.

Шомылу кезеңі ресми түрде жабылса да, жергілікті мемлекеттік мекемелер рейдтік шараларды тоқтатпайды. 

Айта кетейік, үш күн бұрын 40 жастағы азаматша Ертіс өзеніне батып кетті. Әзірге мүрдесі табылған жоқ. Іздеу шараларына бес төтеншелік жұмылдырылған. 

Өзгелердің жаңалығы