Су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам қаражат төленді

23 Сәуір 2024, 10:31
753
Бөлісу:
Су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам қаражат төленді
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жылыойдағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллиард теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мәлімдеді.

Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.

Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті.

Жылыой ауданынан 3151 отбасына жалпы сомасы 1 163 349 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, - деді Азамат Мәмбетов.

Өзгелердің жаңалығы