Қарулы күштердің су тасқынына қарсы шараларға қатысуы туралы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өткен тәулікте су тасқынына қарсы шараларға қарулы күштердің жеке құрамынан 2 мыңға жуық әскери қызметші, 83 әскери техника, 3 бірлік тікұшақ және 4 әскери техникалық авиациясы жұмылдырылды. 74 ауыл тұрғыны көшірілді. Әскери көліктік авиациямен 303 адам 5 тоннадан аса жүк тасымалданды. Және жеке құрамның көмегімен 32 мыңға жуық құм салынған қапшықтар толтырылып, оларды төсеу жұмыстары жүргізілді, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ Орал қаласына Қызылордадан 200 әскери қызметші бөлінді, Атырау облысына Оңтүстік өңірлік қолбасшылық әскери бөлімінен 1мыңнан аса әскери қызметші бөлінді.
Ал Петропавлға Қарағанды қаласынан 300-ден аса әскери қызметші келсе, Орал қаласына әскери көліктік авиация құралдарымен десанттық шабуылдау әскерлерінің әскерилері Талдықорғаннан – 200 адам, Алматыдан - 103 адам жеткізілді.