Су тасқынына дайындық қалай? 

Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 800 шақырымнан астам бөгет салынды

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 13:42
Бүгiн 2026, 13:42
208
Фото: ©BAQ.KZ архиві

ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің басқарма бастығы Айдос Алиев Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, дайындық шаралары алдын ала, жаз-күз айларынан бастап қолға алынады. Қазіргі уақытта 800 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері мен үйінділер салынған, өзен жағаларын бекіту және арналарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысты жоспарлы түрде атқарып келеді. 1 наурыздан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің базасында су тасқынына қатысты жедел штаб жұмыс істеп тұр. Оның құрамына барлық тиісті мемлекеттік органдар кіреді. Жағдай күн сайын бақылауда, барлық жұмыс қадағалауда, – деді Алиев.

Ол сондай-ақ су басу қаупін азайтуға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді.

Қазірдің өзінде 20 мың текше метрден астам су сорылып шығарылды, 15 мыңнан астам қап төселді және шамамен 500 тонна инертті материал пайдаланылды. Алдағы күндері күн жылынған кезде жағдайды бақылауда ұстау үшін күштер мен құралдарды күшейтеміз, – дейді басқарма басшысы.

Айдос Алиев ТЖМ су тасқыны жағдайын жіті бақылап отырғанын және кез келген өзгеріске жедел әрекет етуге дайын екенін атап өтті.

Наверх