Су тасқынына байлынысты үш облыста тасжолдар жабылды

23 Наурыз 2025, 11:05
747
Бөлісу:
Су тасқынына байлынысты үш облыста тасжолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» жолдардағы жағдай туралы мәлімет жариялады.

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 199 маман жұмылдырылды, - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы