Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы 25-26 сәуірге жоспарланған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылғы 25-26 сәуірде жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты өткізілмейтіні және 2025 жылға ауыстырылатыны жайлы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды.
Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Министрлік іс-шараға танытқан қызығушылық үшін алғыс білдіреді және оның өтізілмеуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - деп мәлімдеді министрлік.