Су тасқыны. Жол учаскелеріне мыңнан астам қызметкер шығарылды

16 Наурыз 2023, 20:38
784
Бөлісу:
Су тасқыны. Жол учаскелеріне мыңнан астам қызметкер шығарылды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ баспасөз қызметі

Су басу қаупі бар жол учаскелерін нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық маңызы бар күре жолдарда су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қарасты республикалық автожолдар желісінде жол қызметкерлері су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту, су тасқына тойтарыс ретінде траншея қазу, су басу қаупі жоғары жол бөліктерін нығайту және өзендердегі су деңгейін күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инертті материалдары бар қаптар дайындалды. Жұмысқа 700 бірліктен астам арнайы техника мен 1100-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды, - делінген компания хабарламасында.

Су тасқыны. Жол учаскелеріне мыңнан астам қызметкер шығарылды

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес биыл қыста еліміздің солтүстігі мен шығысында жауған жауын-шашын мөлшері нормадан асып түскен. Соңғы гидрологиялық болжамға сәйкес Қазақстанда қар жамылғысының аумағы 72%-дан 40%-ға дейін азайған. Республикалық маңызы бар күре жолдардағы ахуал туралы ақпарат алу үшін немесе штаттан тыс жағдай туындаса, 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.

Өзгелердің жаңалығы