Су тасқыны. Жайық Каспийге кедергісіз ағып жатыр

31 Мамыр 2024, 14:14
369
Бөлісу:
Су тасқыны. Жайық Каспийге кедергісіз ағып жатыр
VIDEO

Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.

Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр 2,5 шақырымы ені 20 метрге, тереңдегі 1,5 метрге дейін қазылды.

Қазір түп тереңдету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Жайық өзенінен бөлініп шығатын Зарослый, Приморский каналдары мен үшінші және алтыншы өзек тереңдетілген. Өзен суы кедергісіз теңізге ағып жатыр. Тереңдету жұмыстары әлі де жалғасады.

Қазір теңіздің тамағында тасқын сумен келген томарлар жиналып қалған. Айта кететін бір жайт бар, теңізден соққан жел басылғаннан кейін теңіз суы қайтады да аралдар пайда болады. Келген томарлар сол аралдарда қалып қойды. Дегенмен қоқыс тазаланады, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен.

Өзгелердің жаңалығы