Су тасқыны. Жалғансай ауылының барлық тұрғыны үйлеріне оралды

24 Мамыр 2024, 12:31
459
Бөлісу:
Су тасқыны. Жалғансай ауылының барлық тұрғыны үйлеріне оралды
VIDEO
Фото: скриншот

ТЖМ Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан тәулігіне 173 179 текше метр су сорылып, 5400 қап және 380 тонна инертті материалдар төселді. 

Жалғансай ауылында қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу жұмыстары жалғасуда. 

Ауылдың барлық эвакуацияланған тұрғындары өз үйлеріне оралды. 

Жайық өзенінің су деңгейіне және гидробекеттерге күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы