Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Су тасқыны. Жалғансай ауылын су басу қаупі бар

15 Мамыр 2024, 11:45
586
Бөлісу:

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Атырау облысындағы су тасқыны туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысындағы Жайық өзені арнасынан шыққандықтан, Жалғансай ауылын су басу қаупі бар. Сол себепті, "Атырау-Орал" автожолының 56-шақырымындағы учаскесінен су өткізу жоспарланған. Дәл осы сәтте автожолдың жүру бөлігі арқылы топырақтан жасанды канал орнатылып жатыр. Учаскелердегі жұмыстарға 9 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылған, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түнгі сағат 1:30-да Атырау қаласынан Махамбет ауылына дейінгі жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген. Көліктердің қозғалысы аудандық маңыздағы Атырау-Индер жолындағы Махамбет көпірі арқылы ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы