Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне шығындарын өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні 549,2 млн теңгеге 44 кәсіпкерлік субъектіге өңірлік комиссиясымен шығындарды өтеу мақұлданды.
Соның ішінде, қазіргі уақытта 31 кәсіпкерлік субъектісіне 404,6 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді. Қалған 13 кәсіпкерге төлемдер жақын арада жүргізілетін болады.
Айта кетейік, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 733,5 млн. теңге бөлінді.