Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, Қаражал қаласы аумағында жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство атап өткендей, Қаражал-Атасу жолы, Қылыш су қоймасы, Шалғия, Ақтай елді мекендеріне қауіп жоқ.
Тіршілікпен қамтамасыз ету нысандары штабтық режимде жұмыс істеуде. Кезекшілік 24 сағатқа ұйымдастырылған, қала аумағы бақылауда, - делінген хабарламада.