Су тасқыны. Үкімет резервінен 48,7 млрд теңге қаражат қажет

25 Маусым 2024, 10:38
176
Бөлісу:
Су тасқыны. Үкімет резервінен 48,7 млрд теңге қаражат қажет
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынан бүлінген инфрақұрылымдардың шығыны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бозымбаев бүгінгі таңда су тасқынан зардап шеккен 33321 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алғанын атап өтті.

Бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарында толық аяқталды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарында төлемдер жалғасуда, – деді ол үкімет отырысында. 
 
Оның айтуынша, мал шығыны үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Зардап шеккен бизнеске келтірілгензалалды өтеу бойынша жұмыстарбасталды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеге 124 өтінімін қарады және мақұлдады, – деді вице-премьер.

Елімізде алдын ала бағалау бойынша 24,1 млрд теңге сомасына 797 ШОБ субъектісі зардап шекті.

Осы объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады. Алдын ала бағалау бойынша, әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін Үкімет резервінен 48,7 млрд теңге қаражат қажет. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге бағытталатын болады.
Бүгінгі таңда 39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалып, құжаттаманың Қаржы министрлігіне ұсынылуына қарай Үкіметпен басқа жобалар бойынша да шешім қабылданатын болады, – деді Қанат Бозымбаев.

Өзгелердің жаңалығы