Су тасқыны. Тоқаев көмек көрсеткен корей компаниясына алғыс білдірді

12 Маусым 2024, 18:31
608
Бөлісу:
Су тасқыны. Тоқаев көмек көрсеткен корей компаниясына алғыс білдірді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу басында Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін корей компаниясына алғыс білдірді. 

Мемлекет басшысының айтуынша, осындай қиын-қыстау жағдайда кәсіпкерлердің халықты қолдауы олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары екенін көрсетті. 

Су тасқыны. Тоқаев көмек көрсеткен корей компаниясына алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ компанияның Атырау облысында «Қарабатан» газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге қатысу перспективалары туралы мәлімет берілді. 

Doosan Enerbility компаниясы Doosan Group құрамына кіреді. Бұл кәсіпорын атом электр станцияларын салуға, жылу электр станцияларын, турбиналар мен генераторлар, су тұшытатын қондырғылар өндіруге маманданған. 

Компанияда 5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 2023 жылы өнім сату көлемі 17,5 миллиард долларды құрады.

Өзгелердің жаңалығы