Су тасқыны: СҚО-да жағдай қалай

15 Сәуір 2024, 16:50
543
Бөлісу:
Су тасқыны: СҚО-да жағдай қалай
Фото: ТЖМ

СҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова Республикалық ақпараттық штаб алаңында өңірдегі ахуалды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шыңынан 2 метр 83 см асты. Тәулік ішінде 20 см төмендеді, - деді Жазира Қожахметова.

Оның айтуына қарағанда, Есіл өзенінде су деңгейі жоғарылап отыр, осы орайда өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген.

Қазіргі сәтте облыста 1 713 үй және 1 115 үй маңындағы аумақтарды су басқан. Негізгі соққы Қызылжар ауданының кенттеріне келді, оларда 539 үйді су басып, 2 282 адам эвакуацияланды. Су ең жоғары деңгейге Петропавл қаласында көтерілгенін бақыладық, алайда жуыр маңда біртіндеп түсуін күтіп отырмыз, - деп атап өтті СҚО ТЖД Ақпараттық- аналитикалық тобының бас маманы брифингте.

Оның мәліметіне сәйкес, Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1 050 үйді су басты.

Олардан 4 552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Көшірілген адамдар облыс орталығының 3 орта мектебі мен колледждердің жатақханаларында және де басым бөлігі туыстарында орналастырылды.

Жалпы облыс бойынша 7 477 адам эвакуацияланды, олардың 1 852 бала. Тәулік ішінде 79 адам эвакуацияланды, олардың 709 бала. 44 адам үйлеріне оралды (оның 8 бала).

3 530 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Өзгелердің жаңалығы