Су тасқыны. СҚО-да Заречныйдың 176 тұрғыны өз үйлеріне оралды

ТЖМ мамандары СҚО тұрғындарын тасымалдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ 23 Мамыр 2024 2024, 14:07
23 Мамыр 2024 2024, 14:07
771
Фото: ТЖМ

ТЖМ мамандары СҚО тұрғындарын тасымалдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СҚО құтқарушылары Есіл өзенінің тасқын суларынан босатылған аумақтардан Петропавл қаласының Заречный шағын ауданына адамдарды тасымалдауды жүзеге асыруда. 

ТЖД вахтовканың көмегімен өткен тәулікте республикалық маңызы бар М-51 жолының бойымен өз үйлеріне 176 адамды тасымалдады, - делінген хабарламада.

Наверх