Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа «Бірлік» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде 700 үйдің 370-і салынған. Барлық үй құрылыс кестесіне сәйкес беріледі.
Аймақ басшысы үйлерді де аралап, тұрғындармен әңгімелесті. Атап айтқанда, облыс әкімі БАҚ-та олқылықтары көрсетілген 86-шы үйде болды. Атап өткен жөн, кейбір үйде кемшіліктер құрылыс компаниясының күшімен дер кезінде жойылған.
Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік органдардың, мердігерлердің және техникалық қадағалаудың жұмысында құрылыс сапасы басты назарда екенін баса айтты. Уақыттың тығыздығына байланысты жұмыс сапасы төмендемеуі керек. Оған қоса, мердігерден жаңа үйлердің кепілдік мерзімі 2 жылды құрайды.
Облыс әкімі қала басшылығына жаңа ықшамаудан тұрғындарынан түскен барлық өтінішті бақылауға алып, кемшіліктерді жою үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.