"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі су басу қаупіне байланысты республикалық жолдардағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық жолдардағы қазіргі жағдай төмендегідей:
Абай облысы:
- "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз" тас жолының 923 шақырымы, 29.03.2024 ж. сағат 05:00-де су тасқыны тоқтатылды.
- "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 910-1005 шақырымы, Қалбатау-Көкпекті ауылдарының учаскесі, 29.03.2024 ж. сағат 08:30-да қозғалыс ашық.
Қарағанды облысы:
- "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 124 және 149 шақырымы, 29.03.2024 ж. сағат 05:40-та су тасқыны тоқтатылды.
- "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 147-166 шақырымы, Алғабас-Ақмешіт ауылдарының учаскесі, 29.03.2024 ж. сағат 07:20-ла қозғалыс ашық.
- "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз" тас жолының 89 шақырымы (Шешенқара ауылы, ІІІ санат), су тасқынының ұзындығы 65 метр, биіктігі 5 см. Диаметрі 1 метр болатын 3 ұңғылы су өткізгіш құбыр бар. 29.03.2024 ж. сағат 07:20-да су тасқыны тоқтатылды.
Ақмола облысы:
- "Көкшетау-Рузаевка" тас жолының 28 шақырымы, 29.03.2024 ж. сағат 07:30-да су тасқыны тоқтатылды.